Ма Марина Аркадьевна эндокринолог

Ма Марина Аркадьевна

20 жылдан астам тәжірибесі бар ол эндокриндік жүйенің бұзылуын диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша маманданған. Оның тәжірибесі қалқанша без, қалқанша маңы безі, ұйқы безі, жыныс бездері, бүйрек үсті бездері, гипофиз және гипоталамусты қамтиды.

Назарова Меруерт Божбанбаевна Врач Общий Практики

Назарова Меруерт Божбанбаевна

Өз жұмысында кәсібилік, пациенттерге мұқият және жанашырлықпен қарау, сондай-ақ заманауи емдеу әдістерін қолдануды ұстанады. Ауруларды ерте анықтауға, асқынулардың алдын алуға және пациенттердің денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөледі.

Қабылдау кестесі: Дүйсенбі - жұма аралығында 09:00 - 15:00

Жүзтаев Нұржан Құрбанғалиұлы Онкомаммолог дәрігер

Жүзтаев Нұржан Құрбанғалиұлы

Тәжірибелі онкомаммолог дәрігер, сүт безі ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу бағытында маманданған. Онкология және маммология саласында кәсіби білімі мен тәжірибесі бар, заманауи диагностикалық әдістерді қолдана отырып, пациенттерге кешенді тексеру жүргізеді.

Қабылдау кестесі: Сәрсенбі 16:00-дан 18:00-ге дейін, Сенбі 09:00-ден 16:00-ге дейін, Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін

Амраева Гульмира Турдиевна Врач-невропатолог

Амраева Гульмира Турдиевна

Тәжірбиелі невролог дәрігер, жүйке жүйесі ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу бағытында маманданған. Неврология саласында кәсіби білімі мен тәжірибесі бар, заманауи диагностикалық әдістерді, соның ішінде электроэнцефалографияны (ЭЭГ) қолдана отырып, пациенттерге кешенді тексеру жүргізеді.

Қабылдау кестесі: Жұма күндері: 08:00-ден 16:00-ге дейін. Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Амиртаева Шугыла Максаткалиевна Акушер-гинеколог дәрігер

Амиртаева Шугыла Максаткалиевна

Әйелдер денсаулығы саласында үлкен тәжірибесі бар маман. Жүктілікті жүргізу, ультрадыбыстық диагностика (УДЗ), бедеулікті анықтау және емдеу, кольпоскопия жүргізу, сондай-ақ гинекологиялық аурулардың алдын алу, диагностикасы және емдеуімен айналысады. Әр пациентке жеке көзқарас, мұқият бақылау және заманауи диагностика мен емдеу әдістерін қолдану.

Қабылдау кестесі: Дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден 13:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.

Баширов Ансар Умарович Кардиолог дәрігер

Баширов Ансар Умарович

Жоғары біліктілік санатты дәрігер-кардиолог, жүрек-қантамыр жүйесі ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу саласында көп жылдық тәжірибесі бар маман. Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек ырғағының бұзылыстары, жүрек жеткіліксіздігі және басқа да кардиологиялық аурулары бар пациенттерді тексерудің заманауи әдістерін меңгерген.

Қабылдау кестесі: Сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін.

Икрамова Дильназ Шухратовна Жалпы тәжірибелік дәрігер.

Икрамова Дильназ Шухратовна

Заманауи медициналық білім мен жаңа технологияларды меңгерген, пациенттерге жауапкершілікпен қарайтын жас маман. Диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдерін қолдана отырып, әр пациентке жеке көзқарас ұстанады. Кәсіби дамуға ұмтылатын, білімі мен тәжірибесін үнемі жетілдіріп отыратын перспективалы дәрігер

Қабылдау кестесі: Дүйсенбі күні сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін, сейсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін, сенбі күні сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін.

Құлмаханова Жансая Сәрсенбайқызы Врач общей практики

Құлмаханова Жансая Сәрсенбайқызы

Врач общей практики (семейный врач) первой квалификационной категории, оказывающий квалифицированную первичную медико-санитарную помощь пациентам всех возрастных групп. Обладает опытом диагностики, лечения, профилактики и диспансерного наблюдения при наиболее распространенных заболеваниях внутренних органов.

ДУЙСЕКЕЕВ ЕСЕНГАЛИ ДУЙСЕНБЕКОВИЧ хирург/травматолог

ДУЙСЕКЕЕВ ЕСЕНГАЛИ ДУЙСЕНБЕКОВИЧ

Тірек-қимыл аппаратының жарақаттарын, аурулары мен зақымдануларын диагностикалау, емдеу және алдын алу саласына маманданған хирург-травматолог дәрігер. Сынықтар, буын шығуы, созылулар, байламдар мен сіңірлердің зақымдануы, сондай-ақ сүйектер мен буындардың жедел және созылмалы аурулары бар пациенттерге білікті медициналық көмек көрсетеді. Алғашқы қабылдау жүргізеді, клиникалық тексеру жасайды, зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелерін талдайды, консервативті және хирургиялық емдеудің жеке тактикасын әзірлейді, операциядан кейінгі бақылауды жүзеге асырады және оңалту үдерісін қадағалайды.

Нурманова Гульжаухар Данияркызы Гастроэнтеролог дәрігері

Нурманова Гульжаухар Данияркызы

Ас қорыту жүйесі ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша маманданған дәрігер. Гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы (ГЭРА), ішек, бауыр, өт қабы және ұйқыбез аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетеді. Кешенді диагностика жүргізеді, зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелерін талдайды, тиімді емдеу әдістерін тағайындайды, сондай-ақ тамақтану мен өмір салты бойынша жеке ұсынымдар әзірлейді. Асқазан-ішек жолы ауруларының алдын алуға және созылмалы аурулары бар пациенттерді ұзақ мерзімді бақылауға ерекше көңіл бөледі.

Қабылдау кестесі: Дүйсенбі және жұма күндері сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін.

Ежбанов Бахыт Ибраимович Врач лучевой диагностики

Ежбанов Бахыт Ибраимович

Ішкі ағзаларды, қан тамырларын, жұмсақ тіндерді және басқа да анатомиялық құрылымдарды заманауи ультрадыбыстық зерттеу әдістері арқылы диагностикалайтын маман. Ауруларды ерте кезеңдерде анықтауға және емдеу тиімділігін бақылауға мүмкіндік беретін дәл әрі ақпаратты диагностикалық зерттеулер жүргізеді. Ультрадыбыстық зерттеудің заманауи әдістемелерін меңгерген, зерттеу нәтижелерін кәсіби түрде талдап, емдеуші дәрігерге толық әрі нақты қорытынды ұсынады. Өз жұмысында дәлелді медицина қағидаларын басшылыққа алады, диагностика сапасының жоғары стандарттарын сақтайды және әр пациентке мұқият, ізгі ниетті қарым-қатынас көрсетеді.

Қабылдау кестесі: Дүйсенбі, сейсенбі күндері сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін.